Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қаладағы «әлеуметтік» дәмханаға барып, ұжыммен кездесті. Мұнда ерекше тағдыр иелері жұмыс істейді. Олардың әрқайсысына құрбандық еті салынған азық-түлік қоржыны мен естелік сыйлықтар табысталды. Соңғы жылдары «әлеуметтік кәсіпкерлік» саласы жаңа қарқынмен дамып келеді. Елде осындай 200-ге жуық әлеуметтік бизнес нысаны бар. Алайда, бұл сала заңнамалық тұрғыда реттелмеген. Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар қолға алынатынын айтты.
Әсима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенат Төрағасы әлеуметтік асхана қызметкерлерімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129687/)