Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары бірін-бірі Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев қиын сәтте көмек қолын созғаны үшін түрік елінің басшысына алғыс айтты. Тараптар індетпен күресте бірігіп күш жұмылдыруға уағдаласты. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Аман Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129690/)