Маска тағуға қатысты талап қайта өзгерді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұйрыққа түзету енгізді. Енді ашық ауада жаттығатындар мен балаларға бетпердемен жүру міндетті емес. Бірақ, ережеге сәйкес рұқсат тек 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге беріліп отыр. Сондай-ақ, топпен шынығатындар қатары 5 адамнан аспаса олардан маска талап етілмейді. Ал көліктің барлық қоғамдық түрін пайдаланған жолаушылар сақтануы шарт. Егер жеке көлігі болса онда маскасыз отырса да болады.
Әсима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129694/)