Нұр-Сұлтанда айына 5 миллион маска тігуге қауқарлы өндіріс орны жұмысын бастады. Бұл цех толықтай автоматты құрылғылармен жабдықталған. Кәсіпорында 40-тан астам адам еңбек етеді. Олар қазір үш ауысым бойынша жұмыс істеп жатыр. Цех 20 шілдеде сынақтық режимде іске қосылған еді. Содан бері тігілген 5 мыңдай маска қаладағы ауруханаларға таратылды. Ал, алдағы уақытта сатылымға шығатын бетперделердің құны 60 теңгеден аспайды деп жоспарланып отыр.
Аман Сейтхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда айына 5 млн маска өндіретін цех іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129700/)