![Ақсай қаласында ғимаратта газ жарылып, бір адам мерт болды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/8/4/1596536982542.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 4 тамыз күні сағат 09.30-да қала шетіндегі «Ақсайжылуқуат» МКК-ның кәріз-тазарту құрылымы ғимаратында болды.
Екі қабатты ғимаратта газ-метан жиналып, содан жарылыс болған. Соның салдарынан екінші қабаттағы қабырға мен терезе жақтаулары құлаған. Жарылыс орнында кәріз-тазарту құрылымы учаскесінің бастығы, 1961 жылғы азамат қаза тапты.
Kazinform
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақсай қаласында ғимаратта газ жарылып, бір адам мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129770/)