800 мыңға жуық тұрғынның 21 250 теңге алуға берген өтініштері мақұлданды. Қаражат есепшоттарына автоматты түрде аударылады. Бұл жөнінде еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басқарма басшысы мәлімдеді. Айтуынша бүгінге дейін карантин салдарынан табысынан айырылған 2 млн 400 мың адам әлеуметтік төлем алуға өтініш білдірген. 2 млн 158 мың өтініш мақұлданып, 42500 теңге төлем тағайындалды. Айта кетейік, өтінішті тамыздан бастап өткізген азаматтар екі айдың жәрдемақысын қоса алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=800 мыңға жуық тұрғынның 21 250 теңге алуға берген өтініштері мақұлданды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129795/)