Ең көп зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау жөнінде ұсыныс әзірленуі керек. Үкімет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мұны екі аптада атқаруды тапсырды. Сондай-ақ Асқар Мамин Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік пен қаржыгерлер қауымдастығына да міндет жүктеді. Тамыздың соңына дейін несие беру тетіктері реттеліп, кәсіпкерлік нысандармен іс-қимыл күшейтілсін,-деді. Осы айда «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша жеңілдетілген несие бағдарламасымен 504 млрд теңгенің 2200-ден аса жобасы мақұлданды. Тағы 300 млрд теңгеге 1700-ге жуық жоба субсидияланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселесі қаралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129876/)