Алматыда екінші модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Бұл арқылы қала әкімдігі COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шараларын күшейтпек. Нысан толықтай газ жүйесімен қамтылып, соңғы үлгідегі медициналық аппараттар орнатылады. Сондай-ақ, медициналық мекеме толығымен цифрлық негізде жұмыс жасайды. Яғни, тексеру емделушімен тікелей байланыссыз әдіспен, ал бақылау – видеобайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ «жасыл» және «қызыл» аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын реттеуге мүмкіндік береді. Аурухана қыркүйек айының ортасында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда екінші модульді аурухананың құрылысы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129956/)