Бүгін түнгі сағат 12-де Сенат сайлауына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары тоқтайды. Саяси науқанның соңғы дайындықтарын пысықтаған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы осылай деді. Өңірлердегі құрылымдардың мәліметіне сәйкес, тізімге 46 үміткер енгізілген. Оның 12-сі өздерін тіркеуден шығару туралы өтініш берген. Берік Имашев сайлау кезінде санитарлық қауіпсіздік мәселесіне де ерекше мән берілгенін айтты. Естеріңізге салайық, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы 12 тамызға белгіленген.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлау алдындағы дайындық пысықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/129961/)