Қазақстан 17 тамыздан бастап 7 елмен халықаралық әуе рейстерін кезең-кезеңімен қайта іске қосады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Нақтырақ, 17 тамыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне, Мысыр, Беларусь, Германия, Нидерланды, Украина және Ресейге халықаралық рейстер кезең-кезеңімен жаңартылады.Рейстер мен билеттерді сату әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сай жүргізіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=7 елге әуе қатынасы қайта жанданады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130026/)