Карантин талаптары сақталса, рейс кешігеді. Осылай деген Алматы халықаралық әуежайының өкілдері терминал мен ұшақ арасында қатынайтын автобустарға байланысты енгізілген шектеу шараларын қайта қарау керек дейді. Себебі, денсаулық сақтау министрлігі 5 шілдеден бастап қоғамдық көліктердегі жолаушылар саны орын санынан аспауы керек деген талап қойды. Ал әуежай автобустарында небәрі 15 орын бар. Сондықтан ережені ескерсек, бір рейстің 200-ден астам жолаушысын ұшаққа дер кезінде жеткізу мүмкін емес, дейді әуежайдағылар.
Наталья Соколова, Халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы:
Егер қойылған талаптар қайта қараламаса, біз автобустарды пайдаланудан бас тартуымыз керек. Мұндай жағдайда жолаушылардың ұшаққа дейін жаяу жібереміз немесе телескопты басқышты пайдаланамыз.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы әуежайында рейстер жиі кешігетін болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130070/)