Елордада індеттің кезекті толқынына төтеп беретін үш жоспар бекітілді. А,В,С ұйғарымдары бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тарқатып айтып берді. Covid-19-дың соққысынан сақтану шаралары эпидахуалға қарай пысықталады. Алғашқы жоспарға сай 2 мыңдай төсек-орын әзірленді. Оған көпбейінді стационарларды жұмылдыру көзделіп отыр. Егер дерт дендесе тағы мыңнан астам емдеу орны мен қосымша 20 жедел жәрдем бригадасы іске кіріседі. Соңғы С жоспарында жатақханалар мен қонақ үйлерді емдеу мекемелеріне айналдыру қарастырылған.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда билігі коронавирустың екінші толқынына дайын ба?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130071/)