Алматыдағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтары есігін айқара ашқаны сол еді, ұзын-сонар кезек күткендер көбейді. Мəселен, мына сауда орнындағы дүкендердің бірі жеңілдікпен жаппай сатылым болатындығын хабарлаған. Мұндай жаңалықты естіген жұрт таң атпастан жапа-тармағай орталыққа жүгірген. Дегенмен, сауда орнына кіреберісте қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексеріп, тек бірнеше адамнан кіргізіп жатыр. Ал мегаполистегі өзге сауда-ойын-сауық орталықтарында мұндай қарбалас жоқ.
Айта кетейік, бүгін Алматыда да ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы қайта жанданды. Кешендердегі санитарлық ахуалды бақылау үшін арнайы бейне камералар орнатылмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы сауда орындары жұмысын қайта бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130132/)