![Кәсіпкерлікпен айналысуға 17 мыңнан астам қайтарымсыз грант берілді - Еңбек министрлігі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/8/18/1597723767161.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кәсіпкерлікпен айналысуға 17 мыңнан астам қайтарымсыз грант берілді.
Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді.
«Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалар әлеуетін ескере отырып, биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған болатын. Бүгінде 743 мың адам осы шараларға тартылды. Оның ішінде Еңбек бағдарламасына 379 мың адам қатысуға ниет білдірді. Оларға кәсіпкерлікпен айналысуға 5 800 жеңілдетілген несие, 17 200 қайтарымсыз грант берілді», - деді министр.
Министрдің айтуынша, қысқа мерзімді оқытумен, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға барлығы 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша ҰБТ-дан өтпей қалған мектеп түлектері жұмысшы мамандықтар бойынша тегін техникалық-кәсіптік оқуға жіберіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәсіпкерлікпен айналысуға 17 мыңнан астам қайтарымсыз грант берілді - Еңбек министрлігі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130156/)