Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінде кіреберістегі бетон маңдайшасы опырылып, тұрғын зардап шекті. Аяғы сынған әйел ауруханаға жеткізілген.
Бұл - 8-ші шағын ауданда соңғы бір айда болған екінші оқиға. Бұған дейін 5-ші үйдің күнқағары құлап, тұрғындардың өміріне қауіп төнді.
Жалпы, шаһардағы көп қабатты тұрғын үйлердің жартысынан көбі тозған. Осы апатты жағдайдан кейін оларды арнайы комиссия тексеретін болды.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің маңдайшасы құлап, бір адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130163/)