Алматыда 5 қабатты тұрғын үй өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 5 қабатты тұрғын үй өртенді

12.06.2014
Алматыда 5 қабатты тұрғын үй өртенді
Бүгін таңертең сағат 10-дар шамасында Алматыдағы «Жұлдыз» ықшам ауданындағы тұрғын үйден алапат өрт шықты. Үш сағатқа жуық уақытта 5 қабатты үйпентхаусы толығымен жанып кетті.
 
Абырой болғанда адам шығыны жоқ. 46 пәтердің тұрғындары тез арада сыртқа шығарылып, өрт сөндірушілер «тілсіз жауды» ауыздықтады. Тұрғындардың айтуынша, өрт пентхаустағы 2 күннен бері тоқтаусыз жүргізілген дәнекерлеу жұмыстары кезінде шыққан.
 
Айта кету керек, іркес-тіркес тұрғызылған бұл үй мемлекеттік бағдарламамен салынып, 2004-2007 жылдары пайдалануға берілген.
 
Владимир Устюгов, Түрксіб ауданының әкімі:
Бұл сұмдық төтенше жағдай. Қазіргі сәтте ештеңе айта алмаймыз. Себебі, өрттің шығуы туралы әркім әртүрлі айтуда. Себебі анықталып, жазықтылар жазаланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілетін болады.
 
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу