Білім және ғылым министрі мектепке дейінгі білім беру жүйесін өзгеріс күтіп тұрғанын айтады. Жаңа модель енгізіліп, енді балабақшаны ата-аналар өздері таңдай алады. Балабақшада білім берудің мазмұны мен әдіс-тәсілдері де қайта қаралады. Ерте жастан тіл үйрету бастамалары өзгереді. Бағдарламаның құрылымы балалардың жасы, психологиялық ерекшелігіне сәйкес жаңарады. Ата-аналар қалаған балабақшасын таңдап, мемлекеттік тапсырыс негізінде бара алады.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Енді ата-аналар балабақшаны өздері таңдай алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130292/)