![Рудныйда 10 автобус өртеніп кетті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/8/24/1598248726665.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«24 тамыз күні сағат 04:19-да «Рудный Автотранс» ЖШС аумағындағы өрт туралы хабар түсті. Оқиға орнына 4 арнайы техника мен 18 адам жұмылдырылды. Оқиға орнына жеткен соң, қызметкерлер ашық аумақта жолаушылар автобустарының жанып жатқанын анықтады. Жағдайға байланысты жақын маңдағы автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 2-МӨСБ және нысан өкілдерінің күшімен 12 автобус қауіпсіз қашықтыққа шығарылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қызыл жалын сағат 05:10-да толығымен сөндірілді. Өрт кезінде 10 автобус толықтай өртеніп кеткен, сонымен қатар тағы 2 көлік бүлінген. Қазір өрт себептері анықталуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Рудныйда 10 автобус өртеніп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130320/)