Өткен тəулікте коронавирустан 1509 адам жазылып шықты. Сөйтіп аурудан айыққандардың жалпы саны 92 мыңнан асты. Жұқтыру көрсеткіші де біртіндеп азайып келеді. Бір күнде 242 адамнан COVID-19 анықталса, коронавирус белгілері бар пневмонияны 666 адам жұқтырған. Осылайша қауіпті індеттің ілмегіне іліккендер 126 мыңнан асты. Өкінішке қарай, вирус пен вирусты пневмониядан қайтыс болғандар саны - 1745.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус пен пневмония жұқтырғандар саны 126 243-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130343/)