Елдегі эпидахуалға байланысты әкімдердің азаматтарды қабылдауы қашықтан өткізілді. Ал Президент Әкімшілігінің өкілдері процесті онлайн бақылады.
Президенттің көмекшісі Тамара Дүйсенова Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында өткен қабылдауларға бейнебайланыс арқылы қатысты. Өтініш иелері көтерген сұрақтар күрделі болса, оны шешуге Президент көмекшісі де араласады.
Аймақ әкімдері бас аяғы 80-нен астам азаматты тыңдады. Олар баспанамен қамту, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен елді мекендерді абаттандыру, материалдық көмек көрсету сияқты мәселелерді жеткізді.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тамара Дүйсенова әкімдердің қабылдауына келген жұрттың мұқтажын тыңдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130451/)