Қала мектептерінде 3-4 сыныптарға арналған кезекші топ ашылмайды. Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді.
Жаңа оқу жылын 1-2 сынып оқушылары ғана мектеп қабырғасынан бастайды. Қазір шаһар мектептерінде 193 кезекші сынып ашылып, 2 мыңға жуық оқушы білім алатын болады. Соңғы кезде ата-аналардан балаларының мектепте білім алуына қатысты көп өтініш түскен. Бас санитар дәрігер бұл мәселеге түсіністікпен қарайтынын айтып, коронавирустың қаупін ескеруді сұрады.
Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері:
- Қазір біз 1,2 сынып оқушыларына ғана рұқсат беріп отырмыз. Біздің міндетіміз - жеңілдіктерді кезең-кезеңімен енгізу. Қыркүйек айының ортасында қаладағы эпидахуал жақсарса, сол кезде 3-4 сынып оқушыларына қатысты мәселелерді де қарастыратын боламыз.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда кезекші топтар 1-2 сыныптарға ғана ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130464/)