Алматыда ең ірі көлік тіркеу орталығына айыппұл салынды. Оған әлеуметтік желіде тараған ұзын-сонар кезектің видеосы себеп болған.
Видеодан Халыққа қызмет көрсету орталығының маңында көп адамның жиналғанын байқауға болады. Ара қашықтық сақталмаған. Тіпті кейбіреуі маскасыз жүр. Тұрғындар құжаттарын тезірек тапсыруға тырысып, бірін-бірі итермелеген. Бұл видеоға қатысты қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері түсініктеме берді.
Кенжегүл Қонысбаева, - Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Шұғыл түрде мобильді топ жөнелтіліп, ХҚКО аумағында әлеуметтік қашықтықтың сақталмағаны анықталды. Тексеріс нәтижесінде Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 425-бабын басшылыққа ала отырып, ХҚКО әкімшілігіне хаттама толтырылды. Департамент тарапынан адамдар легін реттеу жөнінде нұсқау берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда ең ірі көлік тіркеу орталығына айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130478/)