Елімізде мұғалім мәртебесі заңын бұзғандар жазаланып жатыр. 30-дан астам адамға айыппұл салынды. Олардың арасында тек басшылар ғана емес ата-аналар да бар.
Бұл биыл қабылданған заңның орындалуын бақылау үшін мектептерге жүргізілген тексеріс кезінде анықталған. Жазасын алғандардың қатарында Түркістан облысының Леңгір қаласындағы мектеп-интернаттың басшылары бар.
Сондай-ақ, Кентауда мұғалімдерді мәжбүрлеп мектептің жөндеу жұмыстарына тартқандар анықталды. Мекеме басшылығы әкімшілік жаза арқалады. Жалпы, осындай шағымдар өңірлік департаменттерге жиі түседі. Білім министрлігі келешекте жазаны қатаңдатуды жоспарлап отыр.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұғалімдерді мектептің жөндеу жұмыстарына жеккендер жазаланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130503/)