«Nur Otan» праймеризіне үміткерлерді тіркеу қорытындыланды. Тіркелген 10 990 адамның 36%-ы - әйелдер, 29%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 3090 азамат ұсынылса, ал өзін-өзі ұсынушылар – 7900 адам. Бір орынға үміткерлердің ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 18. Алматы мен Шымкентте – 9-дан келеді.
7 қыркүйектен бастап праймериздің келесі кезеңі – үгіт науқаны басталады. 14-30 қыркүйек аралығында онлайн режимде жария пікірсайыстар өтеді. Партияішілік іріктеудің жеңімпаздары Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдерге енгізіледі. Бұл – 5,5 мыңнан астам адам. Ал іріктеуден өтпеген, бірақ елеулі қолдауға ие болған азаматтар партияның жаңа кадрлық резервін жасақтайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Праймеризге үміткерлерді тіркеу аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130507/)