Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Мәжіліс төрағасы депутаттардың белсенді жұмыс істеп жатқаны туралы айтты. Оның сөзінше, олар дәріханалар мен ауруханаларға барып, дәрі-дәрмек қорын қадағалап, бағасын бақылады. Сондай-ақ еріктілердің жұмысына да белсенді атсалысып жатыр.
Жалпы қазіргі уақытта Палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы әзірленіп жатыр. Олардың қатарында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан әрі қалпына келтіруге арналған заң жобалары бар. Президент жемқорлықпен күреске басымдық беру керектігін айтты.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130512/)