Келер жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін баспана алу немесе емделу үшін пайдалана алады. Сондай-ақ қаржы ұйымдарының басқаруына беруге мүмкіндік алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Президент Үкіметке жыл соңына дейін тиісті құжаттарды қабылдауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл реформа тұрғындарға зейнетақы жинағына ақша салуға стимул болатынын атап өтті.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға жұмсай алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130534/)