Бүгін елімізде 32 жаңа мектеп ашылды. Жыл соңына дейін тағы 77 білім беру ұйымы пайдалануға беріледі. Солардың бірі - Оралдағы эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы. Бұған дейін оқу ордасының мұғалімдері ескі әрі тар ғимаратта білім беріп келді. Ал жаңа нысан кең де жарық. Оның жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды. Барлық кабинеттер заманауи оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған. Мектептің құралысына «КПО» компаниясы есебінен 1 млрд 700 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ биылдан бастап гимназия қазақ тілінде білім беретін болады.
Әлия Қайыржанова, Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназияның директоры:
- 850 оқушымыз бар. Бұрын 550 оқушы болғанбыз. Биыл қазақтілді 7 сынып ашып отырмыз. Барлық оқушылар 4 пәннен емтиханнан өтіп, осы мектепке орналасуға мүмкіндік алады.
Рауан Диәли
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130542/)