Елімізде коронавирустық пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейіп кетті. Мәселен, алдыңғы күні бар-жоғы 27 адам инфекция жұқтырса, кеше 571 адам індет құрығына іліккен. Ал үш өңірде эпидахуал керісінше жақсарып келеді. Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында өткен тәулікте коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 1 тамыздан бері 26 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырған. Оның 301-і қайтыс болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейіп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130628/)