Онлайн сабақта көрсетілген порнографиялық видеоға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті іс қозғады. Әдепсіз материалдың ZOOM-да тарағаны жайлы қала тұрғыны шағымданған еді. Оқиға онлайн жүйеге араласушылардың кінәсінен болған. Бөтен біреу эфирге сілтеме жіберіп, әзілдегісі келген. Аталмыш видеоны 5-сыныптың 14 оқушысы көріп үлгерген. Білім және ғылым министрлігі балаларға стриминг жүйелерді қолдану мәдениетін түсіндіруді ескертті. «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы дағдының жетіспеуі осындай келеңсіздіктерге себеп болады»,- дейді мамандар.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда онлайн сабақта оқушыларға порно көрсетілген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130703/)