Павлодарда Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері кәсіпкерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Жиынға Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты. Бүгінгі кездесуде шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылық өнімдерін сату кезіндегі кедергілер және жекеменшікті заңсыз тартып алуға, яғни рейдерлікке қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қатысушылардың айтуынша, сыбайлас жемқорлық тыйылар емес. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметі ақсап тұр.
Темен Жайлин, ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің өкілі:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш мәселелерге баса назар аударды. Нақты міндеттер де қойылып жатыр. Бүгін жиналғандар күн сайын осы проблемаларға кезігеді. Қазір бір-бірімізбен пікір алмасып, оның алдын алуға жоспар құрып жатырмыз. Қорыта келе, осындай бейресми кездесулерді жиі өткізіп, нақты мәселені шешудің тетіктерін құрастырып, құзырлы органдарға жібереміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚКХП өкілдері кәсіпкерлермен өткір мәселелерді талқылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130835/)