Жамбылдық шаруалардың өнімдері елордаға жол тартты. Облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласынан жүзге жуық шаруа өз тауарларын 10 көлікке тиеп жіберді. Олар 300 тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін Нұр-Сұлтан қаласында саудаламақ. «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының маңында демалыс күндері өтетін жәрмеңке базар бағасынан 10-20 пайыз арзанға түседі.
Мәулен Сегізбаев, кәсіпкер:
- Жеке шаруа қожалықтардың өз өнімдерін ешқандай делдалсыз сатуға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын, алдағы таңда осындай жәрмеңкелер көп болса, тағы баруға тырысамыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130838/)