Жаңа оқу жылының ұйымдастырылмаған түрде басталғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты. Оның сөзінше, оқу жылы басталмас бұрын үлкен дайындық жүргізілген. Бүгінде оқушылардың 73 пайызы қашықтан оқып жатыр. Штаттық режимде білім беріп жатқан мектептердің саны 3 мыңға жуықтайды. Жалпы, күніне 2 миллионнан аса сабақ өткізіледі. Министрлік өкілі платформаларда туындаған келеңсіздіктердер болмаса, қалғаны жүйелі түрде жоспарға сай жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, санитарлық жағдай жақсарған сайын мектептерді штаттық режимге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілетінін де айтты.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қашықтан оқыту жүйесінде айтарлықтай кедергілер жоқ - Шолпан Каринова&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130844/)