Елімізде вирусты пневмонияны жұқтырғандар саны азаяр емес. Өткен тәулікте бұл қауіпті дертке 347 адамның шалдыққаны анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сәрсенбі күні пневмонияның осы түрінен 1 адам қайтыс болды. Ал COVID-19 бойынша кеше Қазақстанда 206 адам тіркелді. Ресми дерекке сәйкес, коронавирус індеті келгелі Қазақстанда 135 мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны расталған. Оның 107 мыңға жуығы жазылып шықса, 1951 адам қайтыс болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандағы коронавирус бойынша 10 қыркүйектегі жағдай&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130877/)