Елімізде пойыз қатынасының кестесі өзгерді. «Жолаушылар тасымалы» компаниясының хабарлауынша, «Нұрлы жол» - Өскемен пойызы енді әрбір екі күн сайын жүреді. Елорда мен Алматы бағытындағы кесте күнара қатынау тәртібімен сақталып, Алматы - Шымкент байланысы 15 қыркүйектен қалпына келеді. Ал «Нұрлы жол» - Айсары, Павлодар-Жезқазған, Павлодар-Қызылорда, Алматы-Достық, Қарағанды-Сарыағаш, Павлодар-Сарыағаш жалғамалы вагондарының қозғалысы 2 қазаннан бастап тоқтайды. Бұл бағыттарға билет алған азаматтардың ақшасын толық қайтарылады. Пойыз кестесі бойынша толық ақпаратты 105 нөмірі бойынша білуге болады.
Азамат Алдоңғар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кейбір жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі өзгерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130911/)