Халықаралық әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты Қазақстанда жүрген шетел азаматтарына жеңілдіктер жасалады. Яғни елде болу рұқсаттары автоматты түрде ұзартылады. Жеке куәлігінің, визасының және уақытша тұру рұқсатының мерзімі 16 наурыз бен 1 қараша аралығында аяқталса да, олар ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ, елге визасыз кірген азаматтардың да 1 қарашаға дейін Қазақстанда болу мүмкіндіктері қарастырылып отыр.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визалары ұзартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130916/)