Түркістан облысы Еңбек инспекциясы басқармасына жыл басынан бері еңбек келісімшартының бұзылуына байланысты 734 арыз-шағым түскен. Соған сәйкес 192 тексеру жүргізілді. Басқарма басшысы Берік Ибадуллаевтың айтуынша, тексеріс нәтижесінде 200-ден астам заң бұзушылық анықталып, жалақының кешіктіріліп берілгені туралы 5 шағым қанағаттандырылған. Бүгінде әлі екі мекеме өз жұмысшыларына 41 миллион теңге берешек.
Берік Ибадуллаев, Түркістан облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:
- Биыл келіп түскен арыз-шағымдарда көбіне жалақы төлеу мерзімінің, еңбек шартының, жұмыс уақыты нормасының бұзылуы және еңбек демалысын уақытылы бермеу мәселелері көтерілген. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 208 заң бұзушылық анықталған. Оның 186-сы жойылды не заңға сәйкестендірілді. Қалғандарының орындау мерзімі бар.
Шымкентте алты бірдей мемлекеттік қызметші жемқорлығы үшін істі болды. Оның ішінде мемлекеттік санитарлық инспектор сот шешімімен 6 жылға қамалды. Ол карантин кезінде базарларда азық-түлік өнімдерін кедергісіз саудалаған кәсіпкерлерден пара алған. Сондай-ақ құлқынын тыя алмаған әл-Фараби ауданы кәсіпкерлік бөлімі және мәдениет басқармасы бастығының орынбасары да жаза арқалады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында еңбек дауына байланысты тұрғындардан 700-ден астам шағым түскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130920/)