Елордада жүргізуші кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті. 73 жасар азамат шегініп келіп, тротуарда келе жатқан жаяу жүргіншілерге соғылған. Салдарынан 7 жасар қыз бала ауруханаға жеткізіліп, анасының қолында болған 1 жасар сәби алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді. Баланың анасы зардап шеккен жоқ. Оқиға бойынша тергеу амалдары басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада жүргізуші екі баланы қағып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130939/)