Жапония билігіндегі партия жаңа премьер-министрдің кандидатурасына дауыс беріп жатыр. Денсаулығына байланысты отставкаға кеткен Синдзо Абэнің орнына үкіметтің қазіргі бас хатшысы Йошихиде Суга келеді деген болжам бар.
71 жастағы үміткер - Абэнің жақын одақтасы, сондықтан ол экс-премьердің саясатын жалғастырмақ.
Құлпынай фермерінің баласы Суга – ардагер саясаткер. Ол әлемнің үшінші экономикасын 2021 жылы қыркүйекте өтетін парлементтік сайлауға дейін басқаруы мүмкін.
Оның кандидатурасы ертең парламенттен де өтетініне күмән шамалы. Өйткені, заң шығару органында Суганың партияластары – либерал-демократтар басым дауысқа ие.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияның билік басындағы партиясы жаңа премьерді сайлап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130986/)