Елорда дәрігерлері жұртты карантин талаптарын сақтауға шақырады. Әр адам өз жауапкершілігін сезінсе, індеттің бетін қайтаруға болады. Сол үшін қауіпті індетпен күресті әркім өзінен бастауы керек, - дейді ақ халаттылар.
Ерлан Әшірбаев, №2 көпбейінді қалалық ауруханасының дәрігері:
- Дәрілердің бәрі жеткізілген. Енді үрейге салмай, дер кезінде емханаға барып, емделетін болса, бұл індет жеңіл өтеді деген ойдамыз.
Альбина Досова, №2 көпбейінді қалалық ауруханасының аға мейіргері:
- Тазалық сақтап, қолымызды жиі жуып, бетперделерімізді уақытылы ауыстырып, адам көп шоғырланатын жерге жиі бармай, барлық карантин талаптарын орындаса екен деймін.
Мадина Жолдас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық дәрігерлер халықты карантин талаптарын сақтауға шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/130999/)