Бизнес нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді. Мұндай шешім Вице-Премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.
Атап айтсақ, сұлулық салондары, шаштараздар, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, спорт кешендері, СПА-салондар мен сауналар ашық болады. Сондай-ақ, бассейндерге баруға рұқсат. Тек алдын ала жазылу шарт. Сенбі-жексенбіде діни нысандар да жұмысын жалғастырады. Өзге де жағымды жаңалық, медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін төмендеді. Сондай-ақ, үшінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғандарға төлем беру ұзартылады.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Карантин тәртібі тағы жеңілдеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131015/)