Алты жылда елдегі ақылы жолдарды 45%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Республикалық маңыздағы бағыттардың жағдайын толықтай жақсартып, 1-ші және 2-ші техникалық деңгейдегі тас жолды көбейту мақсаты тұр. Бұл туралы Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ осы 6 жыл аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 11 мың шақырым жол салынады. Тағы республикалық маңыздағы соншама қашықтыққа толық және орташа жөндеу жүргізілмек.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алты жылда елдегі ақылы жолдарды 45%-ға жеткізу жоспарлануда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131026/)