Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді. Алайда індет біржола жойылған жоқ. Дүйсенбі күні Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырған 65 адам тіркелді. Ал вирусты пневмонияға кеше 8 адамның шалдыққаны анықталған.
Өткен тәулікте пневмониядан 3 адам көз жұмды. Ресми дерекке сәйкес, коронавирус індеті келгелі Қазақстанда 136 мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны расталған. Оның 127 мыңнан көбі жазылып шықса, 1965 адам қайтыс болды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандағы коронавирус бойынша 15 қыркүйектегі жағдай&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131033/)