Медицина мекемелері техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әсіресе, аудандық ауруханаларға көңіл бөлініп жатыр. Олардың әрқайсысына ауа концентраторлары, өкпені жасанды желдеткіш аппараттар жеткізілген. Дәрі-дәрмек қоры мен қосымша орындар дайын. Қазір облыс көлемінде қан плазмасын жинау жұмысы жалғасуда. Иммундық плазма банкін мамандар кем дегенде 1 мың дозаға жеткізбек.
Алмагүл Әжтаева Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері:
- Біздің аурухана екінші толқынға толықтай дайын.120 науқасты қабылдауға мүмкіншілік бар.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-дағы емханалар коронавирустың екінші толқынына дайын&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131045/)