Елдің білім беру платформалары DdoS шабуылға ұшырады. Бірінші соққы Кundelik.kz сайтына жасалды. Арада 8 минут өткенде bilimland.kz порталын жаулай бастаған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы қызметі шабуылдар көптеген IP-адрестер, әсіресе шетелдік интернет сегменттер арқылы болғанын айтады. Бірақ аппараттық-бағдарламалық кешендердің көмегімен уақытында тоқтатылған. Сондай-ақ мамандар бәз біреулердің теріс әрекеті бір-бірімен байланысты және олар қашықтан оқыту барысында білім беру порталдарын бұзуды ойластырғанын айтады.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Білім беру платформалары хакерлік шабуылға ұшырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131053/)