Бұл туралы Алматыда кардиолог, эндокринолог және отбасылық медицина саласының жетекші мамандарының қатысуымен өткен жиында айтылды. 21 қыркүйектен бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында тестілеу басталады. Алдымен медициналық мекемелерде тізімде тіркелген пациенттер тексеруден өтеді. Бұдан бөлек, қант диабетіне күмәнданса, тұрғындар арнайы сайт арқылы QR-код алып, зертханаларға бара алады.
Дәмилә Нұғманова , медицина ғылымдарының докторы:
- Скрининг отбасылық дәрігерлердің, терапевтердің жолдамалары арқылы ғана жүзеге асырылады. Тек 18 жастан асқандар тексеріледі. Коронавируспен ауырғандардың көпшілігінде қант диабеті бар, сондықтан тұрғындарды барынша сақтануға шақырамыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің 6 өңірінде қант диабетіне тегін скрининг өткізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131154/)