Еліміздің 15 аймағында күн бұзылып, табиғат тосын мінез танытқалы тұр. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша бүгін-ертең қатты жел тұрып, жауын жаумақ. Мәселен Нұр-Сұлтанда секундына 23 метрге дейін дауыл болады деп күтілуде.
Ал Солтүстік Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Шығыста да дауыл тұрады деп күтілуде. Секундына 23-28 метрге дейін жел соғады. Батыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында ауа райы бұзылып, еліміздің басым бөлігінде жел күшейгелі тұр. Сондықтан мамандар тұрғындардан сақтық шараларын алдын ала қабылдауды сұрап отыр.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің 15 өңірінде жел тұрып, ауа райы бұзылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131181/)