Жамбыл облыстық көш-қон департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облыстық көш-қон департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

18.09.2020

Жамбыл облыстық көш-қон департаментінің басшысы 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ақпар таратты. Оған сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің Жамбыл облыстық департаменті басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Ол осы лауазымға тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін өз орынбасарынан 2 млн теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілінің айтуынша, Тараз қалалық мамандандырылған сотының шешімімен күдікті үй қамаққа алынды. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу