Қазіргі кезде жұмыс орындарын сақтау, уақытылы жалақы төлеу және еңбек дауларының алдын алу өзекті мәселеге айналды. Мұны тиімді реттеудің жолы – әлеуметтік әріптестік орнату. Бұл туралы Вице-Премьер Ералы Тоғжанов республикалық үш жақты комиссияның отырысында айтты. Онлайн жиында Үкімет, кәсіподақ ұйымдары және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімнің жобасы қаралды. Жаңа келісім халықаралық еңбек ұйымы ұсынған тәсілдер мен индикаторлар негізінде әзірленіп жатыр.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Е.Тоғжанов: Еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік орнату маңызды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131232/)