![Пандемияға байланысты шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/9/21/1600666784550.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Пандемияға байланысты шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
«Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға байланысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға рұқсат мерзімін 1 қарашаға дейін созу туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 16 наурызы мен 1 қарашасы аралығында мерзімі өтіп кеткен құжаттар ғана қабылданады. Сонымен бірге, елімізге визасыз келіп, қайта еліне оралып үлгермеген шетелдіктер үшін 1 қарашаға дейін тұруға рұқсат беріледі. Ең маңыздысы – 1 қарашаға дейін елде қалу мерзімін бұзып, кете алмай қалғаны үшін шетелдіктерді және оларды қарсы алған азаматтар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды», - деді Нұрділдә Ораз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пандемияға байланысты шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131257/)