Ұлыбританияда жаппай оқшаулау режимі қайта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок хабарлады.
Біріккен Корольдікте соңғы апталарда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып, күніне 4 мыңнан астам науқас тіркелуде. Осыған байланысты талаптар да күшейтіліп жатыр. Енді карантин ережелерін екі рет бұзғандарға 12 мың долларға дейін айыппұл салынады.
Үндістанда коронавирус өршіп тұрғанына қарамастан әйгілі Тәж- Махал туристер үшін қайта ашылды. Алғашқы күннің өзінде кесенені 300-дей адам тамашалады. Мешітке күніне 5 мың адамның баруына рұқсат берілген.
Айта кетсек, Үндістанда өткен тәулікте COVID-19 дерті 87 мыңдай адамнан анықталып, жалпы науқастар саны 5,5 миллионға таяп қалды.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлыбританияда қайта карантин енгізілуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/131276/)